Қатты аяздарға байланысты ТЖ Департаменті күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды

Қатты аяздарға байланысты ТЖ Департаменті күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды

Қарағанды облысында төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелері қызметтің үдетілген режиміне ауыстырылды. Республикалық автожолдардың бойында орналасқан 7 трассалық мдициналық-санитарлық бекеттер қызмет көрсетуге толық дайын.
Бұған қоса, 28 жылыту бекеттері әзірленген. Сонымен қатар 52 өндірістік ғимараттар пайдлануға дайын. Облыс жолдарында қар жауып қалу қаупі бр 614 жол уческілері күшейтілген бақылауға алынды. Олардың жалпы ұзындығы – 881 шқырым.
«Алматы-Екатеринбург» автожолының анағұрлым күрделі бөілігі «Анар-Теміртау» учаскесінде 60-тан астам қар тазалау техникасы жұмылдырылады. Жалпы жолдарды тазартуға 248 бірлік арнайы техника әзірленген.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі