Астана-Қызылорда пойызы ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды вокзалына қайта оралды

Астана-Қызылорда пойызы ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды вокзалына қайта оралды

Қызылордадан Астанаға бет алған жолаушы тасымалдаушы пойызы Айса стансасында тоқтатылды. Составқа Қарағанды қаласының теміржол вокзалына қайта оралуға тура келді. Бұған жел мен ылғалдылықты есептеменде ауа температурасы -35 аязды көрсеткені себеп болды.
Ауа райының қолайсыздығынан Астана «НұрлыЖол» - Қызылорда бағытындағы №92 және кері бағыттағы Қызылорда – Астана «НұрлыЖол» №91 жолаушы тасымалдаушы пойыздардың рейстері тоқтатылды. Жолаушыларға билет құнын толықтай қайтарып алу мүмкіндігі берілді.
Тоқтатылған рейстің жолаушыларын Қарағандыдан межеленген станцияға дейін жеткізу мақсатында №86 Астана-Сарыағаш пойызына қосымша жалғанатын 6 купелік вагондар дайындалып, кесте бойынша аттандырылады.
Қарағандының теміржол вокзалында тоқтатылған маршрут билеттерін қайтару және №86 Астана-Сарыағаш және басқа да пойыздарына билеттерді уақтылы сату үшін барлық билет кассаларының жұмысы күшейтілді.
Жолаушылар үшін жайлы жағдай жасалып, пойыз ішінде тегін тамақтандыру ұйымдстырылды, температуралық режим сақталған, деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.