Аязды күндері Қарағандыдағы қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді

Аязды күндері Қарағандыдағы қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді

Аязды күндердің шарықтау шегі, 6 және 7 ақпанда Қарағанды қаласының қоғамдық көліктері қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.
Коммуналдық шарушылық, жолаушы тсымалдау көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мәлімдегендей, желіге шыққан автобустардың саны күніне үш рет қадағаланып отырады: 9.00, 15.00 және 16.00-де.
6 ақпан таңертеңгі уақытта маршруттарға 428 автобус шықты.
- Бұл мәселені біз ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Барлық жолаушы тасымалдаушыларға ескертулер жасалды, автобустар түнгі уақытта жылы бокстарға қойылады, - деді жолаушы көлігі секторы бас маманының м.а. Асыл Төлеубаев.
Қазіргі таңда Қарағандыдан шығатын барлық трассалар ашық. Қалааралық автобустар автовокзалдан қалыпты режим бойынша, Астанадан басқа барлық бағыттарға шығарылып жатыр.