Балқашта туризмді дамыту үшін бос жер телімдері ұсынылуда

Балқашта туризмді дамыту үшін бос жер телімдері ұсынылуда

Бизнесмендерге Балқаш маңындағы аймақта туризмді дамыту ұсынылып отыр. Билік өкілдері бұл мақсатта бос жер телімдерін ұсынуға және инфрақұрылым салуға көмектесуге дайын екендерін бірдірді.
Балқаш маңындағы аймақ еліміздің туристік нысандарының топ-10 тізіміне енгізілген. Кірмелік және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы Балқаштың болашақ курорт аумағын да қамтыды. 2023 жылға дейін көзделген Стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспарын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «McKinsey & Company» компаниясымен бірлесіп құрған.
Балқашта туризмді дамытуға арналған 60 га бос жер телімдері бар. Барлық ниет білдірушілер ашық аукционға қатыса алады. Ол жайлы қала басшысы өзінің халық алдындағы есебінде мәлімдеді. Оның мәтіні әкімдіктің ресми сайтында жарияланған.
Айта кету керек, алдағы үш жылда республикалық және жергілікті бюджеттен Балқаштағы туризм нысандарына инженерлік инфрақұрылымдарды жалғауға 3,5 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда.
«Бұл қаражатқа электр тарату желілері, жолдардың құрылысы, Бертыс шығанағы маңында кәріз және су құбырларын өткізу қарастырылады», - деп нақтылады қала әкімі.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2018 жылы Балқашта 28 мың туристер болып қайтқан, қонақтарға 258 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Биылғы жылы қалада кәсіпкерлердің басын біріктіріп, форум өткізу жоспарланып отыр. Аталмыш жиында туристік бизнесті жақсарту мәселелері талқыланбақ.