Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі Департаментінде жедел штаб құрылды

Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі Департаментінде жедел штаб құрылды

Аязды күндері Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі департаментінің барлық күштері қызмет көрсетудің үдетілген түріне ауыстырылды. Департаменттің күйзеліс орталығында өңірдегі барлық оқиғалар туралы ақпараттандырылып отыратын жедел штаб құрылады.

ТЖД қарауында – жол талғамайтын 64 бірлік техника бар. Олардың барлығы аязды күндері жұмыс істеуге дайын тұр.
Құтқарушылар сонымен қатар Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының қармен және батпақ үстімен жүре алатын үш көлігін жұмылдырады. Олар Қарқаралы, Ботақара және Ұлытауда орналасқан.
«ҚазАвияҚұтқару» АҚ бөлімшелерінің тікұшақтары Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларының әуежайларында кез келген уақытта ұшыуға дайын тұр.
Жедел-құтқару топтарымен үзіліссіз байланыс орнату үшін 10 серіктік терминалдар дайындалған. Олар Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Қарқаралы қалаларында және Нұра, Атасу, Ақсу-Аюлы кенттерінде орналасқан.
Сонымен қатар күшейтілген режимде жұмыс істеуге 7 трассалық медициналық-санитарлық бекеттер мен 28 жылыну орындары дайын.
Құтқарушылар қатты аязды күндері қауіпсіздік ережелерін естен шығармауды сұрайды. Мамандар тұрғындарға ауа райына сәйкес жылы киініп, балаларды қараусыз қалдырмауға, алыс сапарларға шықпауға кеңес береді.
Пеш жағатын жеке үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі айтылады. Пеш мұржалары мен құдықтарын уақтылы күйеден тазартып, отқа тез жанатын заттарсалмауды ескертеді.