Қарағанды – Екатеринбург автобус қатынасы қайта жандануда

Қарағанды – Екатеринбург автобус қатынасы қайта жандануда

Қарағанды автовокзалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды-Екатеринбург халықаралық автобус рейсі қайта жанданады. Бағыт Петропавл, Челябі және Қорған арқылы өтеді.

Жүру күні – 23, 26, 30 желтоқсан.

Жүру уақыты – 10:00.

Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.

Билеттерді автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн бұрын онлайн брондау және сатып алу қол жетімді. Төлем интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және «Касса-24» арқылы банктік картамен жүргізіледі.

karaganda.avokzal.kz