Теміртау әкімі қала тұрғындарының алдында есеп берді

Теміртау әкімі қала тұрғындарының алдында есеп берді

7 ақпанда Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтың халық алдындағы есеп бер кездесуі өтті. Ол өткен жылы бюджеттік қаражат қандай мақсаттарға жұмсалғаны туралы және 2019 жылы теміртаулықтарды не күтіп тұрғанын мәлімдеді.
Есептік кездесу кезінде ең маңызды мәселелердің бірі экологиялық жағдай болды.
- Теміртау үшін 2019-2030 жылдарға арналған дендрологиялық жоспар құрылды. Қосымша түрде көгалдандырылатын жердің аумағы 72 086 шаршы метрді құрайды. 41 898 ағаштар мен бұталар отырғызу ұсынылып отыр. 2018 жылы қалада 5000-ға жуық ағаштар отырғызылды. Оларды «Социус 2010» ЖШС баптайтын болады, - деді Ғалым Әшімов.

Ол сонымен қатар қалада табиғатты аялау және қорғау бойынша насихат жұмыстарын өткізу бойынша медиажоспар құрылған.

Қала әкімі 2018 жылы Теміртаудың он бес балабақшасында және тоғыз мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілгенін айтты. Ал күрделі жөндеу алты мектеп пен «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында жасалған. Онда физика, химия және биология кабинеттері жабдықталды. Бұған қоса, теміртаулық мектептерде үш робототехника кабинеттері пайда болды. Барлығы қалада осындай 16 зертханалар ашылған.
Биылғы жылы сегіз білім ордаларында күрделі жөндеу өткізіледі. Сонымен қатар Ғалым Әшімов Теміртаудың 9-шы ықшам ауданында 600 орынға шақталған жаңа мектеп ашылатынын, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаражаты есебінен емхана және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталатынын мәлімдеді.
Осы жазда қаланы шағын сәулет мүсіндерімен безендіріп, қалалық аурухана алдындағы алаң абаттандырылып, Мира және Комсомольск даңғылдарының бойында жасыл шөп егіледі.
Теміртаулықтар әкімнен Әлеуметтік қала ауданындағы абаттандыру және сумен қамту мәселелеріне қатысты сауал қойды. Ғалым Әшімов аталмыш проблемалар осы және келесі жыл көлемінде шешілетініне уәде берді. Сондай-ақ қала тұрғындарын кейбір үйлердегі жылумен қамту, орамаралық жолдарды қардан тазарту мәселеслері алаңдатты. Барлық үндеулер мен шағымдар xаттамада тіркелді. Оларға жауапты тұрғындар жақын арада алатын болады.