Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі Департаментінде ауылдық әкімдер мен әкімдіктердің қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік жиындар басталды. Дәрістерде көктемгі су тасқыны кезінде қандай әрекеттер қолданып, қауіптерді төмендету және адамдар мен ғимараттарды қорғап қалу бойынша нұсқаулықтар беріледі.
Әрбір осындай оқыту жиындары екі күнге созылады. Тыңдаушыларға ТЖД қызметкерлері, «Қазгидромет», «ҚазСуШаруашылығы», «Қазавтожол», «Медициналық апат орталығы» филиалдарының өкілдері, Жергілікті полиция қызметі лекциялар оқиды. Әкімдер мен әкімдік қызметкерлеріне сонымен қатар азаматтық қорғау және жергілікті билік құзіреті туралы заңнамалар аясында түсініктер беріледі. Аумақты көктемгі су тасқынына дайындау, гидрологиялық бекеттер қалай жұмыс істеу керектігі, тұрғындарды төніп тұрған қауіп-қатер жайлы хабардар ету және эвакуацияны ұйымдастыру жайлы дәрістер беріледі.
Тәжірибелік сабақтарда тыңдаушыларды көктемгі су тасқыны кезінде орын алған төтенше жағдай кезінде зардап шегушілерге алғашқы көмек қалай көрсетілетіні үйретіледі.
Оқу жиынының бағдарламасында Бұқар Жырау ауданының Чкалов және Садовое ауылдарына шығару жоспарланған. Ол елді мекендерде су тасқынына қарсы инженерлік құрылыстар орнатылған. Ұйымдастырушылар сондай-ақ ТДЖ Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің жұмысымен таныстырады.
Ауыл әкімдері мен әкімдік қызметкерлеріне арналған осы секілді оқу жиындары ақпан айының соңына дейін өткізіледі.