
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауына және 2019 жылғы «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Оларға Қазақстан аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар байқауға қатысуға жіберілмейді. Сонымен қатар оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы белгіленген тәртіппен шешімдер қабылданған ұйымдар.
Байқауға қатысуға ниет білдірушілер 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында өтінім қалдыруы тиіс.
Толығырақ ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады немесе 8 (7172) 919-388 телефоны бойынша білуге болады.
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы таратқан ақпараты бойынша