Ақтоғай ауданында «Виртуалды сот» кабинеті ашылды

Ақтоғай ауданында «Виртуалды сот» кабинеті ашылды

Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің әкімдігінде «Виртуалды сот» кабинеті ашылды.
Сот істері мен материалдарын виртуалды режимде қарастыру үшін кабинетте қазіргі заманғы құрылғылар орнатылған. Енді ауыл тұрғындары елді мекеннен шықпастан, Балқаш қалалық сотында жүріп жатқан процесстерге қатыса алады.
«Виртуалды сот» пилоттық жобасы сот әділеттілігінің мобильділігі мен мөлдірлігін жоғарылатып, қатысушылар үшін оны анағұрлым қолжетімді және ыңғайлы етуге, сонымен қатар бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша