
Өңіріміздің ресми жаңалықтарын біліп, билікке шағыммен немесе ұсыныспен тек қана теледидар, газеттер және әкімдермен және олардың орынбасарларымен жеке кездесулер арқылы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы да жүгінуге болады. Біз сіздерге қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, басқармалар мен бөлімдердің ресми аккаунттарын жинадық.
Akimat_qaragandy – Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Oktyabr_akimat – Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімдігінің аккаунты. Бұл жерде әкіммен кездесу туралы хабарландырулар, оның жұмысы туралы есептер және аудан жаңалықтары орналастырылады.
Akimatzhez – Жезқазған қаласы әкімдігінің парақшасы. Мұнда сіз тек өзекті жаңалықтарды ғана емес, сонымен қатар қалалық акциялар мен іс-шаралар туралы, сондай-ақ қандай да бір мемлекеттік қызметтерді қалай пайдалану керектігі туралы ақпаратты таба аласыз.
Apparat_ akima_saran - Саран қаласы әкімдігінің аккаунты. Бұл жерде мемлекеттік қызметтерді қалай пайдалану керектігі, тұрғындар мен қазақстандықтардың ыңғайлылығы үшін қандай мобильдік қосымшалар әзірленгені туралы ақпарат орналастырылады.
Akimat_balkhash - Балқаш қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің парақшасы. Мұнда қала жаңалықтары мен әкімнің және оның қарамағындағы адамдардың жұмысы туралы есептер жиналған.
Akimat_jairem - Жәйрем кенті әкімдігінің аккаунты. Мұнда ведомство жұмысымен танысуға болады.
Osakarovski - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігі. Мұнда аудан және Қазақстан жаңалықтары, сондай-ақ акциялар мен іс-шаралар, әкімдік, бөлім және "Нұр Отан"партиясы филиалының жұмысы туралы толық ақпарат жинақталған.
Fireman.karaganda - Қарағанды облысының ТЖ департаментінің ресми парақшасы. Бұл жерде қызметтің жұмысы туралы есептер, халық үшін ескертулер, сондай-ақ әр түрлі жағдайларда қауіпсіздік әрекеттері туралы жадынамалар жарияланады.
Upravlenie_parkami_krg – Қарағанды саябақтары басқармасының аккаунты. Бұл парақшада қала саябақтары мен гүл бақтарын абаттандыру туралы есептер жарияланады.
Edu_krg - Қарағанды облысының білім басқармасы. Мұнда өңірдегі білім беру саласының жаңалықтарын оқуға болады.
Otdelobrazovan_tem – Теміртау қаласы білім бөлімінің парақшасы. Мұнда ведомствоның және қаланың оқу мекемелерінің жұмысы туралы ақпарат жинақталған.
Doozkrg - Қарағанды облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің аккаунты. Мұнда дұрыс тамақтану, гигиена нормаларын сақтау бойынша ұсыныстар, әртүрлі аурулардың белгілері мен алдын алу шаралары бар жадынамалар табуға болады.
Zdravkrg - Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының парақшасы. Бұл аккаунтта ауруханалар мен емханалардың өңірлердегі жұмысы, Денсаулық сақтау саласындағы акциялар мен ашық есік күндері туралы ақпарат жинақталған.