Бейнелеу өнері мұражайында Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған көрме ашылады

Бейнелеу өнері мұражайында Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған көрме ашылады

14 ақпан сағат 15.00-де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған мұражай қорынан жинақталған туындылар көрме ашылады.
Экспозицияға фотограф Дәулет Әбдірахмановтың «Қызыл із» және «Медальдің кері жағы» атты екі авторлық жобасы кірді. Көрме жауынгер-интернационалисттердің ерліктері, олардың адал әскери борышы, антқа адалдығы және шынайы солдат бауырластығы туралы баяндайды.
Автордың шығармашылық ойы - екі уақыт пен идеологияны салыстыру. Әрбір фотосуретте екі уақыт бар – 80-ші жылдар және олардың аясындағы қазіргі күндер.
Автордың фото-жұмыстарындағы шығармашылық шекаралары көрмені екі бөлікке ажыратпай, тек екі дәуірді және екі түрлі идеологияны, кеңестік және қазіргі заманғы тәуелсіз Қазақстанды салыстыруда мүмкін үйлесімділікті іздеуде біртұтастыққа қосылған өткен мен болашақ арасындағы қырды көрсетеді.
Көрме 28 ақпанға дейін жалғасады