Қарағанды облысының тұрғындарын осы жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 12 млрд теңге бөлінді

Қарағанды облысының тұрғындарын осы жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 12 млрд теңге бөлінді

2019 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде республикалық бюджет қаражатынан Қарағанды облысының тұрғындарын амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 50 маңызды дерттер бойынша 12 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл қаражат науқастарды толық көлемде қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Осы аурулар тізіміне органдар мен тіндерді ауыстырып салу, онкологиялық және гематологиялық аурулар, гемофилия, қант диабеті, артериялық гипертензия, аритмия, туберкулез, бронх демікпесі, сирек кездесетін орфандық аурулар және сол сияқты көптеген әлеуметтік маңызды нозология кіреді. Сондай-ақ, 2019 жылы сирек кездесетін ауруларды қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет қаражатынан 1 млрд теңге бөлінді, деді қалалық мәслихат депутаты, "Облыстық балалар клиникалық ауруханасы" КМК директоры Арғын Бидайбаев.
50 ауру бойынша дәрілік заттарды жеткізуді бүкіл ел бойынша "СК-Фармация" ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы жүзеге асырады. Облыста дәрілік заттарды жеткізу 2019 жылдың 24 қаңтарынан басталды. 2019 жылдың қаңтар айында берілуі тиіс дәрілермен емделушілер 2018 жылдың желтоқсанында қамтамасыз етілді. Тегін дәрі-дәрмек алу үшін Қарағанды облысының азаматтары емханаға емдеуші дәрігерге жүгінуі қажет, деп нақтылады ол.
www.kt.kz