Қарағанды облысының мүгедектері қандай мемлекеттік көмек алады

Қарағанды облысының мүгедектері қандай мемлекеттік көмек алады

Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Любовь Қуанышбекова мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетіні туралы айтып берді.

Қарағанды облысында 66845 мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрады. Олардың барлығы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған.
2018 жылы 4000 протез бұйымдары, 656 кресло-арбалар берілді .
Қарағанды облысында 3382 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі ұсынылады. 539 адамды ымдау тілін меңгерген мамандар сүйемелдейді.
Бұл санаттағы азаматтар саны 5000-ға жуық - ол балалар. мұндай балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді мемлекет өз мойнына алады. Бұл үшін әр балаға тоқсанына 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Аталмыш көмек түрімен 550 бала қамтылды.
Әлеуметтік көмектің тағы бір түрі – оларды күтетін туыстары жоқ 1-ші топтағы мүгедектерге қосымша үстеме ақылар беру. 2018 жылы 18 млн.теңгеден астам сомаға 640 жалғыз басты адамға осындай көмек көрсетілді.
Мүгедектер үшін қолжетімді қоршаған ортаны құру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары бұл мемлекеттік органдардың күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Осыған орай өңірімізде түгендеу жүргізілді, оның барысында 1019 нысан осындай бейімделуге жататыны анықталды. Бүгінгі күні әлеуметтік инфрақұрылымның 744 нысаны осындай жағдайларға бейімделгені белгілі болды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетумен байланысты барлық мәселелер бойынша тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бөлімдеріне жүгіну қажет.