
Алматыда компьютерлік ғылымдар бойынша XIII Еуразиялық олимпиада аяқталды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 53 команда қатысты.

Төрт қарағандылық – Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы Рамазан Пердебай және №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Мақсат Сәкенұлы, Дархан Тілеужан мен Бахтияр Орынбай – зияткерлік жарыстарда екінші және үшінші орындарды иеленді.

Рамазан күміс алды. Оны Олимпиадаға педагог Ертуған Мүсілім дайындады. Командалық есепте Мақсат, Дархан және Бахтияр үшінші болды. Педагог – Нұрсұлтан Ахметов.
Компьютерлік ғылымдар бойынша орыс және ағылшын тілдеріндегі олимпиаданың ұйымдастырушылары – «Дарын» РМК және Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар зерттеу университеті. Оның негізгі мақсаты – компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау.