Қарағандыда қысқамерзімді курстарда 120 астам мамандықтарға оқытады

Қарағандыда қысқамерзімді курстарда 120 астам мамандықтарға оқытады

Қарағанды облысының Білім беруді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы Маулида Жошина еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен икемдер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту туралы әңгімеледі.


Барлық жұмыссыздар жасына, білімі мен тұрғылықты жеріне қарамастан қысқа мерзімді курстарға түсіп, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты игере алады.
Мұндай кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілігі мен икеміне байланысты бір айдан алты айға дейін жалғасады.
Оқу кезінде курс қатысушылары материалдық көмек алады.
1) облыс шегінде, бірақ қатысушының тұрғылықты елді мекенінен тыс орналасқан білім беру ұйымдарын барып қайту үшін оқудың барлық кезеңінде 4 АЕК (10100 тг) беріледі;
2) мекендеу үшін ай сайын 5 АЕК (12625 тг) мөлшерінде.
3) шәкіртақы 16759 тг.

Оқыту 120-дан астам мамандық бойынша жүргізіледі.
Барлық қызықтырған мәселелер бойынша тұрғылықты мекенжай бойынша жұмыспен қамту орталығына барып, білуге болады.