2019 жылы Қарағанды облысында 4000 астам пәтер қолданысқа беріледі

2019 жылы Қарағанды облысында 4000 астам пәтер қолданысқа беріледі

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, Қарағанды облысының құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Төлеген Әшімов халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы айтып берді.

Биылғы жылы 1000-нан астам қарағандылықтар көптен күткен баспаналарына ие болады. Бұл түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кезекте тұрған облыс тұрғындары. Мысалы, несиелік тұрғын үй бағдарламасы бойынша Қарағандыда 10 үй және Жезқазғанда 18 пәтерлі бір үй тапсырылады. Жалға берілетін тұрғын үй бойынша облыстың 10 аймағында 12 үйдің құрылысы күтілуде.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы бойынша 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 4 мыңнан астам пәтер қолданысқа беріледі.
Жалға берілетін, несиелік тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 10 млрд. 480 млн. теңге қарастырылған.
Сондай-ақ, Төлеген Әшімов «7-20-25» президенттік бағдарламасы бойынша Қарағанды облысында бюджеттен тұрғын үй сертификатына 1 млрд теңге бөлінетінін атап өтті. Өңірде ол сертификаттарды сұранысқа ие мамандар алады деп жоспарлануда. Ол - дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер. Осылайша, шамамен тағы 700 отбасы өз баспанасын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Бүгінгі таңда жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айта келе, ол биылғы жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына (13 жоба) республикалық және облыстық бюджеттен 2 798,8 млн.теңге бөлінгенін атап өтті. Бұл бағытта да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жалпы елімізде де, біздің облыста да, баспананы қажет ететіндер үй алулары үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.