
Қарағандылық жігіт аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды ағылшын тіліне тегін үйретуді шешті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Ерлан Рахымовтың қайырымдылық шарасын бастауына Астанадағы бес баланың қайғылы өлімі себеп болды. 35 жастағы білім беру орталығының басшысы қаражаты жоқ адамдарға шет тілін тегін үйренуге мүмкіндік беруді шешті.
«Осы жағдайдан кейін көптеген жағымсыз ақпарат тарай бастады. Бір жағынан - бұл қайғылы оқиға, екінші жағынан - масылдық көңіл-күй тудырады. «Кедецге көмектескің келсе, балық берме, сол балықты қалай аулу керектігін үйрет» деп айтады емес пе? Мен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға ағылшын тілін үйренуге көмектесуге шешім қабылдадым. Ол болашақта университеттерге түсуге, мансап құруға көмектеседі. Менің тіл үйреті мектебімде 4-5 топ оқиды. Сол топтардың әрқайсысына 1-2 баладан қабылдауға дайынмын», - деді Ерлан Рахымов.
Игі шараға шақырған ұранын қарағандылық өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялаған болатын. Ниет білдірушілер бірден табылған.
«Маған мұндай мүмкіндік туралы бұрыннан армандаған сал ауруына шалыдыққан бір қыз бала келді. Біз онымен онлайн оқуға шешім қабылдадық. Сонымен қатар тағы үш бала келді. Мүмкін әлі де ниет білдірушілер табылар деп үміттенеміз. Бұған қоса бізде пішу-тігу, бухгалтерлік және тағы да басқа курстар бар. Егер осындай шаралар көбейсе, әлем анағұрлым жақсарып қалушы еді деп ойлаймын. Бұл теңіздегі бір ғана тамшы, алайда осы балаларға біз балық аулай алатындай қармақ бергендейміз», - деді ол.
Ерлан Рахымов сондай-ақ Қазақстанда ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен екенін атап өтті. Тек бірең-сараңдары ғана тілді жетік меңгерген. Ол сондай-ақ, оқыту сапасы да төмен екенін атап айтты.
inform.kz