
«Снежная королева» және «Қасқырлар мен қойлар» мультфильмдерінің авторы Илья Зинченко ҚарМУ студенттерімен кездесуде қашықтықтан жұмыс істеу, мансап сатысы бойынша көтерілу және аниматорлардың еңбекақысы туралы айтып берді.
Илья Зинченко – Қарағанды тұрғыны. 2003 жылы ҚарМУ-нің кәсіби-көркем өнер факультетін «Дизайн және жарнама» мамандығы бойынша тәмамдаған. Содан бері «Бірінші арнада», «Wizart Animation» компаниясында жұмыс істеп, «Қар ханшайымы», «Қасқырлар мен қойлар» және «Мульт личности» секілді ауқымды жобаларға қатысып үлгерген.
- Студенттерге олар алдарында ашылатын мүмкіндіктерді түсінуі үшін ынталандырушы болуға тырысамын. «Мен істей алмаймын, бұл өте қиын» деген оймен өздерін құрықтамаулары тиіс. Мен оқыған кезде, 3-D графика ғарышқа шығу сияқты нәрсе болды. Біз, студенттер, барлығымыз аған қатты қызығатынбыз. Менде ол кезде тіпті компьютер де болған жоқ. Екінші курста оқыған кезімде отбасымда үлкен таңдау тұрды: әкеме жаңа автокөлік сатып алу немесе маған компьютер алу. Мен ата-анамды компьютер сатып алуға үгіттедім. Үш жылдан кейін мен әкеме жаңа көлік сатып алдым, - деді Илья Зинченко.
Табысқа жету тарихын тыңдауға кәсіби-көркем өнер факультетінің елуге жуық студенттері жиналды. Ең бастысы, оларды анматор бола отырып, қашықтықтан жұмыс істеу ерекшеліктері, сұраныс пен табыс мәселелері қызықтырды.
- Аниматор болу өте қиын, су асты тастары көп. Суретші және режиссер болу керек. Сондықтан аниматорлар әрдайым аз, олар сұранысқа ие. Алайда табысы да жаман емес – айына 650-700 мың теңге. Көп нәрсе өнімділік пен біліктілікке байланысты, - деп жауап берді мультипликатор.
Илья Зинченко қашықтықтан жұмыс істеу – отандық кадрлардың шетелге кетуін тоқтатудың тамаша тәсілі екеніне сенімді. Оның айтуынша, егер кезінде онда үйден шықпай-ақ белгілі компаниялармен ынтымақтасуға мүмкіндігі болса, ол Қарағандыда міндетті түрде қалар еді. Қазір мұндай мүмкіндік пайда болған кезде, ол туған қаласына оралды.
- Студенттер үшін мұндай кездесулер өте маңызды. Оларды болашақта сұранысқа ие бола алады ма, өмірде өз икемдерін қолдана ала ма деген сұрақтар мазалауда. Сол факультетті бітірген және табысты болған адаммен кездесу жастарды ынталандыруға көмектеседі, - деп атап өтті бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының доценті Любовь Антоненко.
Қазір Илья Зинченко Қарағандыда бір жоба бойынша жұмыс атқарып жатыр, сондай-ақ жаңа ресейлік «Конёк-Горбунок» мультфильміне анимация жасап жасайды.