Қарағандыда зейнеткерлерді скандинавиялық жаяу жүру курсына шақырады

Қарағандыда зейнеткерлерді скандинавиялық жаяу жүру курсына шақырады

Зейнеткерлерді скандинавиялық жаяу жүру бойынша тегін сабақтарға шақырады. Жаттығу қала орталығында және Майқұдықта өтеді.
Зейнеткерлерге арналған тегін дәрістер Қарағанды облысының қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің бастамасы бойыншы ұйымдастырылып отыр. Қажетті құралдар тегін беріледі.
Қатысушылар аптасына екі рет, түске дейінгі уақытта жиналады. Сабақ жарты сағатқа созылады, оның алдында дайындық жаттығулары өтеді.
Топтар 12 адамға есептелген, алайда зейнеткерлер сабаққа өз құрал-жабдықтарымен келгісі келсе, жаттықтырушылар барлық ниет білдірушілерді қабылдауға дайын.
Скандинавиялық жаяу жүру бұлшықет тонусын көтереді, мұндай сабақтарда әдеттегі жүріске қарағанда калория бір жарым есе көп жағылады, қан қысымы қалыпты бола бастайды.
Бұл спорт түрінде сондай-ақ қарсы көрсетілімдер де бар: жүрек жеткіліксіздігінің тұрақты түрде өршіп отыруы, жақын арада болған инфаркт салдары, тромбофлебиттің прогрессиясы, өкпенің өмірлік сыйымдылығының 50% және одан да көп төмендеуі, гемофилия, артриттің соңғы түрі, бүйректің жіті аурулары, әлі жазылмаған жарақаттың салдары және жоғары артериялық гипертензия.
Сабаққа жазылу үшін 8-701-646-42-62 нөміріне хабарласыңыздар.