
Қарағанды облыстық Nur Otan филиалында еліміздің ең басты мерекесі қарсаңында 23 белсенді партия мүшесі марапатталды. Бүгінгі күні облыстық филиалда 86 мың адамды біріктіретін 476 бастауыш партия ұйымы бар.
Қарағанды облыстық Nur Otan филиалында еліміздің ең басты мерекесі қарсаңында 23 белсенді партия мүшесі марапатталды. Бүгінгі күні облыстық филиалда 86 мың адамды біріктіретін 476 бастауыш партия ұйымы бар.
Атқарылған жұмыстар, жетістіктер мен жоспарлар туралы бастауыш партия ұйымының төрайымы, балалар мен жасөспірімдер сарайының директоры Шариза Алтынбекова баяндады. Ол партия мен қоғамның белсенді мүшелерінің бірігуін атап өтті. Оның айтуынша, бұл партияішілік праймериз механизмінің арқасында болды.
– Бұл Қазақстан үшін ең үздік әлемдік тәжірибеге негізделген саяси жаңалыққа айналды, – деді Шариза Алтынбекова. – Мен партияішілік праймериздерге қатыстым және бүгінде резервте тұрмын. Қазіргі уақытта мемлекеттік биліктің нақты стратегиясы мен халықпен жұмыстың стратегиялық қағидаттарын енгізу, ақпараттық және идеологиялық саясатты қолдауды ұйымдастыру, жастарды партия айналасына біріктіру жөнінде шаралар қабылдау белсенді жүргізілуде. Осыған байланысты Қазыбек би атындағы аудандық партия бөлімшесі жанынан құрылған бастауыш партия ұйымының 400-ден астам белсенді мүшесі бар.
Қазір партия алдында Елбасының «Мемлекеттіліктің жеті тірегі» іргелі қағидаттарының жиынтығы мен «Тәуелсіздік сабақтары» мақаласын ақпараттық сүйемелдеуде өзекті міндет тұр.
Ал партияның 2,5 жылдағы басты жетістіктерінің бірі - әр облыс, қала және аудан үшін алғаш рет әзірленген 216 халықтық сайлауалды бағдарлама. Олар бастауыш және сайлау науқаны кезінде жиналған халықтың сұраныстарына негізделген. Қарағанды облысында нақты индикаторлары мен мақсатты көрсеткіштері бар 19 жол картасы жүзеге асырылуда, қоғамдық кеңестер құрылды.
2022 жылдың басында жергілікті жерлерде жол карталарын іске асыру қорытындылары шығарылатын болады. Партияның облыстық филиалының төрағасы Жеңіс Қасымбек мәслихаттардағы партия фракцияларының сайлауалды уәделерінің орындалуын бақылау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
– Nur Otan-ға басқарушы партия ретінде «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес сабақтастықты, тұрақтылықты және одан әрі дамуды қамтамасыз ететін ел Президентінің мемлекеттік бағыты төңірегінде қоғамды топтастыру бойынша ерекше міндет жүктелген, – деді өңір басшысы.
Іс-шара барысында Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастыру мен дамытуға және егемендікті нығайтуға қосқан үлесі үшін партия белсендісіне партиялық наградалар мен алғыс хаттарды табыс етті. Олардың иегерлері 23 партиялықтар болды. Олардың арасында мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағалары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және ауылдық округтердің жас әкімдері бар.