Тәуелсіздік шежіресі: Қарағанды облысында ауыл тұрғындары туған өлкесінің тарихын таныстырды

Тәуелсіздік шежіресі: Қарағанды облысында ауыл тұрғындары туған өлкесінің тарихын таныстырды

Жеке тарихтар «Осакаров ауданы: Тәуелсіздік шежіресі» кітабында жинақталған. Басылым ел мерейтойының 30 жылдығына орай жарық көрді.

Кітап бойынша жұмыс жыл бойына созылды. Авторлар аудан тұрғындары – Геннадий Головченко, Кулянда Тохметова, Евгения Еремеева, Сәуле Жанарстанова және т. б. болды.

– Осакаров ауданы – әр түрлі тағдыр, мінез, ұрпақ адамдарын біріктіретін ортақ үйіміз. Бұл кітап ауданның қалыптасуы және оның дамуына үлес қосқан адамдар туралы. Ол біздің туған жерімізде болып жатқан оқиғалар, экономика, мәдениет, білім, медицина және басқа да салалардың дамуы туралы әңгімелейді, – деп атап өтті аудан басшысы Нүркен Қобжанов басылымның тұсаукесерінде.

Осакаровкалықтар да «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» фильмін түсірді. Оның түсіріліміне әр түрлі ұрпақ өкілдері қатысты. Тәуелсіздік құрдастары өз өмірлерімен бөлісті.