Бизнесті ашу мен дамытуға гранттарды 23 бастаушы кәсіпкер алды

Бизнесті ашу мен дамытуға гранттарды 23 бастаушы кәсіпкер алды

Сәтбаев қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіз елдің тірегі – жалынды жастар» атты жастар слеті өтті. Азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан және вакцинация науқанына қатысқаны үшін үздік еріктілер мен белсенділер 50 мың теңге көлемінде арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қала әкімі Асқар Ыдырысовтың өз ісін ашуға және дамытуға арналған гранттары табысталды.

Жастардың бастамаларын қолдау үшін Сәтбаев қаласында үш жыл бойы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге гранттар беріліп келеді. Биыл 23 жоба іріктелді. Олардың ішінде Жандарбекованың бизнес-идеясы бар. Бойжеткен бір миллион теңге көлемінде грант алып, тас төсеуіш жасау цехына қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға ниетті.

– Мен бұл идеямен ұзақ уақыт бойы ойланып жүрдім. Ойша нұсқаларды анықтап алдым, үй-жайды жалға алып, қызметті бастадым. Тәжірибе мен білім жетіспеді, сондықтан бизнес мектебіне тыңдаушы болып тіркелдім, – деді Жанар Бекова. – Көп нәрсені, соның ішінде кәсіпкерлік негіздерін және бизнес-жоспар құруды үйрендім. Мен грант алу конкурсына қатысуға шешім қабылдадым. Бір миллион теңгені электрмен сығымдауға арналған жабдықты сатып алуға жұмсаймын.

Мөлдір Абсалык жұбайымен және пікірлестерімен Сәтбаев қаласында оңалту орталығын ашуға ниетті. Ол екі миллион теңге көлемінде грант алып, орталық үшін жабдықтар сатып алуға дайындалуда.

– Мүмкіндігі шектеулі немесе ауыр сырқаттарға шалдыққан адамдарды оңалту бойынша қызметтер біздің қаламызда өзекті. Осыны түсініп, пациенттерге көмек көрсеткіміз келсе, бізде оңалту орталығын ашу идеясы пайда болды. Ол сұранысқа ие болады және қала тұрғындарына пайда әкеледі деп үміттенеміз, – деп атап өтті Мөлдір Абсалык.

Іріктелген 23 жобаның ішінен 2 миллионға бір адам грант алды. Төрт бизнес-жоспар әрқайсысы миллион теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды. Алты адам 750 мың теңгеден алды. 12 бастаушы кәсіпкерге 500 мың теңгенің сертификаты берілді.