Облыс әкіміне жолданатын үндеулерді жинауға арналған жәшіктер жұмыспен қамту пункттерінде орнатылды

Облыс әкіміне жолданатын үндеулерді жинауға арналған жәшіктер жұмыспен қамту пункттерінде орнатылды

22 ақпан 15. 00-де Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың жыл сайынғы халықпен есептік кездесуі өтеді. Аймақ басшысы өткен жылдың қорытындыларын келтіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді, сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2019 жылғы жоспарлармен бөліседі.
Өздерінің сұрақтарын, ескертулер мен ұсыныстарын тұрғындар келесі мекенжайлар бойынша орналасқан арнайы жәшіктерге сала алады: Қарағандының темір жол вокзалының күту залында, «Шығыс» (бутик №8), «Арай» (бутик № 7), «Горняк» (екінші қабат) базарларында.
Сонымен қатар жедел желі жұмыс істейді 42-11-90.
Үндеулерде Т.А.Ә., мекенжай және байланыс телефонын жазу қажет.
Есептік кездесу онлайн режимде Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында karaganda-region.gov.kz онлайн режимде көрсетіледі.