Астанада Тәуелсіздік жылдары елдің дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың есімдері аталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қазмедиа орталығында 2018 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпаздарымен кездесті.
Жобаға 2300-ден астам өтініш түсті. Іріктеу үш кезеңнен құралды. Жеңімпаздар халықтық онлайн-дауыс беру арқылы таңдалып, 29 адам іріктелді. Олардың қатарында Қарағанды тұрғыны, спорттық акробатика бойынша әлем чемпионы Никита Амоскин де бар.
19 жасар спортшы Новодолинский кентінде тұрады, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, Дене шынықтыру факультетінде оқиды.
Президенттің мадақтауына Никита Амоскин табандылығы мен жеңістерге ұмтылуының арқасында ие болды.
- Менің серіктесім Анастасия Долганюк екеуіміздің жаттығуларымыз екі бірнеше кезеңге бөлінген: жаттығу, шынығу, шыңдау, негізгі элементтерді өңдеу және хореография. Мен он жыл бойы аптасына алты рет осылай жаттығу өткізіп келемін. Менің ойымша, дәл осылай ғана чемпион атануға болады, - деді Халықаралық дәрежедегі жас спорт шебері.
Табысқа тұрақты арқылы ғана қол жеткізіледі, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
- Жас кезде өз мүмкіндіктерін пайдалану керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. - Мен әрқашан былай деп айтамын: адамның мүмкіндіктері шексіз. Барлығын жасауға болады. Он жыл бойы күн сайын үш-төрт сағат айналысу қажет... Ал ол жас, ол да серуендеп, қыдырғысы келеді. Алайда басқаша табысқа жету мүмкін емес. Барлық ұлы адамдар осылай көтерілген.
Бүгінгі таңда Никитаның қоржынында 60-тан астам жүлде бар. Анастасия Долганюкпен бірге олар Азия чемпионы атанды, 2016 жылы Қытайдағы әлем чемпионатының қола медальдарын және Польшадағы әлем кубогында алтын медалін жеңіп алған. 2018 жылдың сәуірінде бельгиялық Антверпене қаласында Никита мен Анастасия аралас жұп санатында спорттық акробатика бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Наурыз айының ортасында жұп Лас-Вегаста өткен Әлем Кубогында өнер көрсетеді.
«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазының арманы - Олимпиада чемпионы болу.
«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының мақсаты – тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың нақты мысалында табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білім алу идеяларын алға жылжыту.