
Теміртау қаласында осыған дейін атауы болмаған, ҚР Тұңғыш Президенті Тарихи-мәдени орталығының жанында орналасқан алаңдар мен гүл бақтарына атау берілді. Металлургтер қаласында, сондай-ақ Қарағанды және Жезқазғанда да көше атаулары өзгертілді.
14 ақпан, бейсенбіде өткен XXII кезектен тыс сессия барысында Қарағады облысы мәслихатының депутаттары атау өзгертулерін өз шешімдерімен заңдастырды.
Заңмен қарастырылған тәртіп сақталды. Алғашқылардың бірі болып өз пікірлерін қоғамдық тыңдауларға жиналған азаматтар білдірді. Сонан соң жергілікті мәслихаттар мақұлдады. Содан кейін оң шешімді ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия шығарды.
Қарағандыда 16 көшенің атаулары өзгертілді:
3-ші қазандық - Ардақ көшесіне
Батарейная - Қайнар көшесіне
Болотная - Бірлік көшесіне
Коминтерна - Ынтымақ көшесіне
Мануфактурная - Аққайын көшесіне
Пионерская - Саялы көшесіне
Рабкоровская - Серпін көшесіне
Совхозная - Өркен көшесіне
Социалистическая - Арман көшесіне
Торпедная - Арай көшесіне
Насыпная - Жағалау көшесіне
Отвальная - Талды көшесіне
Паровозная - Береке көшесіне
Портовская - Саяхат көшесіне
Пикетная - Самал көшесіне
Пахотная - Тұмар көшесіне
Теміртауда 5 көшенің атауы өзгертілді:
Қарағанды шоссесі - Қарағанды
Нижняя көшесі - Жұмабек Тәшенов
Степан Разин - Сарыарқа
Пионерская - Евгения Брусиловского
Советская - Ынтымақ
Қаланың орталығында орналасқан атауы жоқ алаң мен гүл бағы Астана және Бірлік деп аталды.
Жезқазған қаласында 14 көше мен 4 тұйық көшенің атаулары ауыстырылды:
Первомайская - Көктем
Аварийная - Дауылпаз
Кирзаводская - Сарыжайлау
Новопролётная - Шұғыла
Геологическая - Ынтымақ
Аномальная - Балбырауын
Геофизическая - Темірқазық
Искателей - Ақдала
Орбитальная - Қайнар
Первооткрывателей - Шамшырақ
Поисковая - Шалқар
Энтузиастов - Ырыс
Жезказганская - Достық
Балхашская - Қаражар
Совхозный тұйық көшесі - Наурыз
Целинный тұйық көшесі - Керуен
Тихий тұйық көшесі - Бірлік
Рабочий тұйық көшесі - Шапағат
Металлургтер алаңы - Қаныш Сәтбаев алаңы