Қарағанды облыстық өлкетану мұражайында «Ауғанның отты жалыны» атты көрме ашылды

Қарағанды облыстық өлкетану мұражайында «Ауғанның отты жалыны» атты көрме ашылды

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында екі ерекше дата – Ауғаныстанға кеңес әскерінің кіргеніне 40 жыл және шығарылғанына 30 жыл толуына «Ауғанның отты жалыны» атты көрме ашылды. Бұл күні сонымен қатар «Ер Есімі – ел жүрегінде» деген атаумен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Ардагер» Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының өкілдері, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, студенттер мен оқушылар жиналды.
Қатысушылар «Ауған соғысының хроникасы» деректі фильмін тамашалады. Кездесу диалог түрінде өтті, кадет сыныптарының тәрбиеленушілері және «Жас Ұлан» республикалық мектебінің курсанттары Ауған соғысы ардагерлеріне сұрақтарын қойды. Қонақтар Ауғанстандағы кеңес жауынгерлерінің әскери күндері мен жауынгерлік әрекеттерін еске алды, өздерінің бастарынан кешкен оқиғаларымен бөлісті.
«Ауғанның отты жалыны» көрмесінде көрермендер назарына мұражай қорынан алынған фотосуреттер, құжаттар мен жәдігерлер ұсынылады. Келушілер Ауғанстан картасын және осы елге енуге рұқсат етілген Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті туралы құжаттарды көре алады. Жәдігерлердің ішінде Ауғанстандағы кеңес жауынгерлерінің киім-кешектері, оқтар, гильзалар, патрондар, Калашников пистолеті, ДШК пулеметінің патрондары, ТМ-14 инертті минасы, парашют, газқағар және басқа да жәдігерлер бар. Сонымен қатар әскери қызметкерлердің жеке заттары – наградалар, медальдар, ордендер, атаулы сағаттар көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырады. Ауған соғысы тақырыбына арналған басылымдардың арасында – «Боздақтар», «Ауған соғысы сыры», «Ауғанстан біздің тағдырымызда» атты естелік кітабы бар.
Ауған соғысы (1979-1989жж.) - бір жағынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің қолдауымен және екінші жағынан НАТО-ның жетекші мемлекеттерінің саяси, қаржылық, материалдық, әскери қолдауын және консервативті ислам әлемін пайдаланған Ауған моджахедтерінің («душмандар») көптеген қарулы құрамаларының қолдауын көрген Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағындағы Ауғанстанның үкіметтік күштері арасында өткен әскери қақтығыс.
Ауғанстандағы соғысқа Қарағанды облысынан 3000 адам аттанған. Олардың 200-ге жуығы түрлі үкіметтік наградалармен марапатталды, 81 адам қаза тапты, өздерінің интернационалдық борышын орындап, жарақаттар мен аурулардан қайтыс болды, екеуі із-түзсіз жоғалып кетті.