Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда 2 орынды иеленді

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда 2 орынды иеленді

«Мемлекеттік тілде облыстық және оларға теңестірілген соттар арасында ең үздік сот отырысы» байқауын ҚР Жоғарғы соты ұйымдастырды. Екінші орынды байқау комиссиясы Қарағанды облыстық сотына берді.

Байқауға сот отырыстарының материалдары, аудио-бейне жазбалары ұсынылды. Комиссия Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының жұмысын бағалады. Тотай Ерімбетов, Айткамал Қазтаева және Алмагүл Айкенова сот төрелері, сондай-ақ хатшы Әсел Сұлтанова азаматтық істі апелляциялық сатыдағы отырыста қарау кезінде тіл талаптарын сақтай отырып, жоғары кәсіби деңгейін көрсете білген.
Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Қарағанды облыстық сотының судьясы Тотай Ерімбетовке ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асановтың дипломын табыс етті.
Сот отырысының республикадағы ең үздік деп танылған мемлекеттік тілдегі жазбасы енді сот төрелігі Академиясында оқу құралы ретінде пайдаланылатын болады. Ол сондай-ақ облыстық соттардың фронт-кеңселерінде көрсету үшін берілді.

Қарағанды облыстық соты баспасөз қызметінің ақпараты бойынша