Қарағанды облысында аз қамтылған отбасылардың үйлерінде улы газ датчиктері орнатылып жатыр

Қарағанды облысында аз қамтылған отбасылардың үйлерінде улы газ датчиктері орнатылып жатыр

Аз қамтылған отбасыларының үйлерінде тегін түрде улы газ датчиктері орнатылуда. Әзірге облыста осындай 40 құрылғы сатып алынған.
Тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың үйлерінде датчиктер орнату – Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастамасы.
Құрылғыларды сатып алуға Қызыл жарты ай қоғамдық бірлестігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көмектескен.
ТЖД-де хабарлағандай, олар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін пештен шыққан улы газ датчиктерін сатып алуға меценаттарды жұмылдыруды әлі де жалғастыратын болады.
- Бұл датчиктер ауада улы газдың мөлшері көтерілсе, дыбыстық сигнал бере бастайды. Олар тек жеке үйлердің тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар көпқабатты үйлерде тұратын халық үшін пайдалы, - дейді ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.