Осакаров ауданында Ауған соғысында қаза болған жерлестеріне естелік орнатылды

Осакаров ауданында Ауған соғысында қаза болған жерлестеріне естелік орнатылды

Қарағанды облысында жауынгер-интернационалистер құрметіне обелиск орнатылды. Ауғанстандағы соғыстан қайтып оралмаған жерлестерінің есімдерін Осакаров тұрғындары мәңгілікке сақтап қойды.
- Бүгін біздің жылнамада тағы бір атаулы оқиға тіркеліп отыр. Біз жауынгер-интернационалистерге ескерткіш орнатып жатырмыз. Бұл сарбаздар мен офицерлерге деген құрметіміз. Өздерінің қөмірін қиып, Отан алдында берген анттарын орындағандары еске алу болып табылады. Және де бұл естелік ұрпақтан ұрпаққа жалғасып қала бермек, - деді Осакаров ауданының әкімі Нүркен Қобжанов Ауғаныстаннан кеңес әскерінің шектеулі контингентін шығарудың 30 жылдығына арналған минитнг барысында.
Обелискіде Ауғаныстанда қаза болған Осакаров тұрғындарының есімдері қашалып жазылған. Геннадий Руденков қаза болғаннан соң Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған, Әлібқайыр Жұмабеков, Юрий Резунов «Ерлігі үшін» мадалімен марапатталған.
Жауынгер-интернационалистер әскери жолдастарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ауғаныстандағы шайқасқа қатысқандарға «Қенес әскерінін Аүғаныстаннан шығарылғанына 30 жыл» медальдары табыс етілді, сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие беруге қосқан үлестері үшін құрмет грамоталары мен алғыс хаттар берілді.


Осакаров ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі