Жеңіс Қасымбек ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мемлекеттік марапаттарды табыстады

Жеңіс Қасымбек ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мемлекеттік марапаттарды табыстады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының атынан Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңір тұрғындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі елеулі еңбегі үшін өңірдің 60 тұрғыны ордендермен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды, тағы үшеуі «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еңбек ардагерлері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, өндіріс саласындағы көрнекті қайраткерлер, мемлекеттік органдар мен ауыл шаруашылығы өкілдері марапатталды.

Өңір басшысы 30 жыл ішінде Қарағанды облысында көптеген жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Өндіріс көлемі мен тұрғын үй құрылысының қарқыны артты, жұмыссыздық төмендеді, жыл сайын өмір сүру сапасы артып келеді. Мұның бәрі аймақта тұратын адамдардың жанқиярлық еңбегінің арқасында.

– Барлық сандардың астарында біздің жерлестеріміздің ғылым мен білім, спорт, мәдениет, медицина, өндіріс пен кәсіпкерліктегі орасан еңбегі мен жетістіктері тұр. Сіздердің барлығыңыз мемлекетіміздің қалыптасуына, егемендіктің нығаюына және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қостыңыздар. Бұл үлес лайықты бағаланды, – деді Жеңіс Қасымбек.

«Құрмет» орденімен жеті қарағандылық марапатталды. Олардың қатарында Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің басшысы Талғат Ыдырысов бар.

– Мен Қарағандыда 32 жыл жұмыс істеймін. Менің шығармашылығым мен еңбегімді бағаланағына рахмет. Бұл мен үшін құрметті сый. Мен өзім басқаратын барлық музыканттар мен ұжымдарға алғысымды білдіремін және барлығына шығармашылық табыс тілеймін, – деді Талғат Ыдырысов.

Облыстың бес тұрғынына жемісті еңбегі мен өндірістік көрсеткіштерін жақсартқаны үшін III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені табыс етілді. «Қазақстан» шахтасының жерасты электр слесарі Евгений Секирчин бұл болашақ жұмысқа аванс екенін атап өтті.

– Шахтада 30 жыл жұмыс істедім. Еңбек өтілім бойынша мен тәуелсіздікпен құрдасымын деп айтуға болады. Мереке қарсаңында Қазақстан халқына бейбітшілік пен гүлдену тілеймін, – деді Евгений Секирчин.

Ерлігі мен қайсарлығы үшін Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюшы Мұқат Социалов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Еңбек сіңірген еңбегі үшін 20 адам «Ерен еңбегі үшін» орденімен марапатталды. Теміртау қаласының № 24 жалпы білім беретін мектебінің педагогы Ольга Дворецкая да мемлекеттік марапатқа ие болды.

– Мен алған марапатымды мақтан тұтамын, – деді ол. – Менің педагогикалық қызметімді жоғары бағалағаны, өзін дәлелдеуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Мереке қарсаңында баршаңызға кәсіби өсу, жаңа биіктерге жету, бейбітшілік пен амандық тілеймін.

Белсенді және жемісті қызметі, мейірімділігі және қайырымдылығы үшін 11 қарағандылық «Шапағат» медалімен марапатталды.

Белсенді өмірлік ұстанымы мен ерен еңбегі үшін 13 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Екі қарағандылық Қазақстан Президентінің Алғыс хаттарына ие болды.

Сондай-ақ, салтанатты марапаттау рәсімі барысында Қарағанды облысының жаңа құрметті азаматтарының есімдері жарияланды. Бұл құрметке Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов, Жезқазған қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов және медицина ғылымдарының докторы, профессор Сергей Лохвицкий ие болды.

– Бізде бар 30 жыл ішіндегі барлық жетістіктер - осының барлығы Қазақстан халқының бірлігі, оның жасампаздық және жанқиярлық еңбегінің арқасында. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент-Елбасының еңбегі, оның салмақты ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстан болашақта міндетті түрде рухани бай, адамгершілік жағынан таза және экономикалық дамыған мемлекет болады, – деп атап өтті Ерқара Аймағамбетов.