Қарағандыда мұқтаж жандарға көмек көрсететін «Хадия» қайырымдылық дүкені жұмыс істейді

Қарағандыда мұқтаж жандарға көмек көрсететін «Хадия» қайырымдылық дүкені жұмыс істейді

Қарағандыда «Шығыс» сауда үйінің ғимаратында екі жыл бойы «Хадия» қайырымдылық дүкені жұмыс істеп келеді. Барлық ниет білдірушілер мұнда мұқтаж жандарға киім-кешек, азық-түлік, кеңсе тауарларын алып келе алады. Сондай-ақ, дүкенде қайырымдылық жәшігі орнатылған. Жиналған қаражат аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналар үшін тұрғын үй төлеміне жұмсалады.

- Біз мұқтаж адамдарға көмектесеміз - ол көп балалы және аз қамтамтылған отбасылар, балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты әйелдер және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар. Біз қала тұрғындары мен бизнесмендерден балалар үшін заттар, азық-түлік, мектеп заттарын және қаржылай көмек қабылдаймыз. Біздің дүкенге көмек көрсеткісі келетін кез - келген адам келе алады, - дейді «Хадия» дүкенінің ұйымдастырушысы Марат Түсіпов.

Жыл басынан бері 600-ге жуық адам көмек алды. Бүгін дүкенге Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа келді.
- 2015 жылдан бастап Қарағанды облысында «ҚМДБ Зекет қоры» атты корпоративтік қоры жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін қор өкілдері көптеген мұқтаж адамдарға көмек көрсетті. Еріктілердің көмегімен «Хадия» қайырымдылық дүкені ашылды. Мұнда келе алмайтындарға біз азық-түлік пен заттарды өзіміз апарып береміз, - дейді Анет баба атындағы мешіттің бас имамы Өмірбек Беқожа.
Бас имамның айтуынша, «ҚМДБ Зекет Қоры» құрылған жылдан бері бірнеше отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмектесті. Жиналған қаражатқа үш жыл бұрын Сұрыптау стансасында көп балалы отбасы үшін үй салынды.
- Олардың үйі жанып кетті, біз қаражат жинап, көп балалы отбасына жаңа тұрғын үй салдық. Сондай-ақ, өткен жылы өрттен кейін екі отбасына жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектестік. Биыл Қор мұқтаж жандарға 200 тонна көмір бөлді. Көмек қажет ететін отбасылардың тізімін әкімшіліктен аламыз. Сондай - ақ, дәрі-дәрмек пен емдеу үшін қаражат жетіспейтін немесе мүлдем мүмкіндігі жоқ ауыр науқастарға көмектесеміз, - деді Өмірзақ Бекқожа.
«Хадия» қайырымдылық дүкені «Шығыс» СҮ 2 - қабатында орналасқан. Мұқтаж адамдарға көмектескісі келетіндер заттар мен өнімдерді осында алып келе алады.
Мұнда барлық заттар мен өнімдер тегін беріледі. Азық-түлік беру пунктіне 3 айда 1 рет келуге болады. Бір қолға бір рет 10 затқа дейін беріледі.