Көрермендерді «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі мен Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің концертіне шақырады

Көрермендерді «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі мен Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің концертіне шақырады

22 ақпан 18:30-да «Шалқыма» концерт залында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Гүлмира Тапайдың шығармашылық кеші өтеді. Концертте «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

Ал сенбі, 23 ақпанда 13:00-де «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің балалар концерті өтеді. Кішкентай көрермендер назарына «Жеті лақ» музыкалық ертегісі ұсынылады. Музыкалық шараға Айдана Әбдікәрімова, Ерден Байғұтанов, Алтынбек Жиенбаев, Дина Рыспаева, Бекжан Әбдікеров және Жанболат Төлеубаев қатысады.
Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай.

Анықтама телефондары: 41-22-30, 41-22-36 и 41-13-14.