Қарағандыда 19 және 20 ақпанда он күндік қар мөлшері жауды

Қарағандыда 19 және 20 ақпанда он күндік қар мөлшері жауды

Ақпанның 19-нан 20-на қараған түні Қарағандыда 1,9 мм қар жауды. 20-шы ақпанда түске дейін тағы 3,6 мм ақ ұлпа түсті. «Қазгидромет» РММ мәлімдегендей – бұл он күндік жауын-шашын нормасы.

Қала көшелерін қардан тазарту үшін бүгін «Тазалық эксперт» ЖШС 75 арнайы машиналары шықты - 21 жол тазалайтын қылшақтары бар МТЗ тракторлары, 22 КамАЗ, 8 грейдерлер, 15 фронталды 9 табанды жүк тиегіштер.
Күндізгі ауысымға бригадирлерді қосқанда 110 жұмыскерлер шықты.
Жалпы ақпанның басынан бері қарағандылық көшелерден 114727.2 текше метр қар шығарылған.