
Қарағанды облысында «Бастау» жобасы бойынша оқытудың бірінші легі басталды. Курс кәсіпкерлік жүргізу негіздерін меңгеруге бағытталған.
Аймақтық кәсіпкерлер палатасы барлық ниет білдірушілерді, оның ішінде жұмыссыз және өзін өщі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды, өз бизнесін ашқысы келетін жандарды, сондай-ақ өз ісін одан әрі кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді шақырады.
Бағдарламаға қатысу үшін 11-12 наурызда өтетін тестілеуге қатысу қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша оқыту топтары құрылатын болады.
Жобаға қатысқысы келетіндер Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына барулары тиіс. Сондай-ақ елді мекеннің Жұмыспен қамту орталығына, ауылдық округ немесе елді мекеннің әкімдеріне бара алады. Өздерімен бірге жеке куәлік көшірмесін, мекенжай анықтамасын, дербес несиелік есепті алып келу қажет. Сол жерде сонымен қатар өтініш бланкі мен сауалнама толтыру қажет болады.
Оқудың басталуы - 14 наурыз. Курс 25 күн жалғасады. Бағдарламаға қатысушылар үшін стипендиялар қарастырылған. Оқу аяқталған соң сертификаттар беріледі.
- «Бастау» сертификатын алған соң, түлектер өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қорынан, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ қорландыратын шағын қаржылық ұйымдар немесе несиелік серіктестіктерден жеңілдетілген қаржылық көмекке үміттене алады. Кәсіпкерлер палатасы, өз кезегінде, әрекеттегі бизнесті жүргізуге қызмет көрсету арқылы қолдау шеңберінде әр жобның жүзеге асырылуна сүймелдеу жасайды, - деп түсінбірді АКП қаржылай емес көмек бөлімінің бастығы Жақсылық Ахметбеков.
Қарағанды облысында аталмыш бизнес-курстың әрбір үшінші түлегі өз ісін аша алды. Стартаптарды қаржыландыруға 2018-ші жылы өңірде 2,5 млрд теңге бағытталған. Бағдарламаға облыстың барлық дерлук қалалары мен аудандарының тұрғындары қатысты.
Өткен жылы аймағымыздың 1989 жұмыссыз тұрғыны оқудан өтті. 600-ден астам жобалардың бастамашылары жеңілдетілген шарттаомен несиелук қаражат алып, оеы өз ісін дөңгелетуге салған.
Толық ақпарат алу үшін келесу мекенжайлар және телефон нөмірлеріне xабарласуға болады:
· Ақтоғай ауданы - Ақтоғай ауылы, К.Байсейітова к-сі, 2 үй, 8 (71037) 21273
· Абай ауданы - Абай қ., Жеңіс даңғылы, 2 үй (Kazkom банкінің бұрыңғы кеңсесі), 8 (72131) 7-90-09
· Бұқар жырау ауданы - Ботақара к., Абылай хан к-сі, 41Б үйі, 8 (72154) 21937
· Нұра ауданы - Киевка к., Тәуелсіздік к-сі, 37 үй, 8 (72144) 21862
· Шет ауданя - Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай к-сі, 141 а, 8 (71031) 21641
· Қарқаралы ауданы - Қарқаралы қ., Әубәкіров к-сі, 34 үй, 8 (7214) 633075
· Осакаров ауданы - Осакаровка к., Достық к-сі, 29 үй, 8 (72149) 43004
· Жаңаарқа ауданы - Атасу к., Тәуелсіздік к-сі, 22 үй, 8 (71030) 26452
· Ұлытау ауданы – Ұлытау к., Абай к-сі, 18-2, 8 (71035) 21415