Облыс әкімінің Кеншілер мәдениет сарайында өтетін есептік кездесуінің алдында аймақ тұрғындары сұрақтарын қойып, оларға жауап бере алады

Облыс әкімінің Кеншілер мәдениет сарайында өтетін есептік кездесуінің алдында аймақ тұрғындары сұрақтарын қойып, оларға жауап бере алады

Кеншілер мәдениет сарайында 22 ақпанда, Қарағанды облысы әкімінің есептік кездесуінің алдында ашық есік күндері өтеді. Азаматтарды қабылдауды қалалық және обоыстық әкімдіктер құрылымдарының, полиция қызметінің, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері жүргізеді.
Сағат 9.00-ден бастап сұрақтар қойып, оларға қатысты кеңес алуға болады. Акция Осы аптада ұйымдастырылған. Ақпанның 19-нан 21-не дейін Нүркен Әбдіров атындағы спорт сарайында Ашық есік күндері өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановтың есептік кездесуі КМС үлкен залында ертең, 22-ші ақпан 15.00-де басталады.
Есептік кездесу барысында сонымен қатар жедел желі телефондары жұмыс істейтін болады. Аймақ басшысына қойғыларыңыз келген сұрақтарды келесі нөмірлерге xабарласып, қалдыруға болады: 8 (7212) 25-20-35, 25-20-99 и 25-21-19.