Жақын уақытта DamuMed қосымшасы арқылы жұмыс берушілер емделуші парақшасының шынайылығын тексере алады

Жақын уақытта DamuMed қосымшасы арқылы жұмыс берушілер емделуші парақшасының шынайылығын тексере алады

Жақын уақытта Қарағанды облысындағы жұмыс берушілер DamuMed мобильді қосымшасы арқылы жұмыскердің алып келген емделуші парақшасының жалғаныдығын тексере алатын болады.

- DamuMed қосымшасын қазіргі уақытта облыстың 363 мыңнан астам тұрғындары пайдаланады, - дейді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлық-емxаналық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова.
Оның айтуынша, жуырда қосымшада дәрі-дәрмек іздеу мүмкіндігі пайда болды. Енді пайдаланушылар жылдам түрде қажетті дәрінің бағасын және қай оны сатып алуға болатын дәріxанадардың мекенжайын біле алады.
- Сонымен бірге жақын арада қосымшада тағы бір атқарым пайда болады. Ол арқылы кез-келген жұмыс беруші емделуші парақшасының жалған немесе шынайы екенін тексере алады. Оларды көп жағдайда медициналық емес ұйымдар беріп жатады. Оған жол бермеу үшін, емделуші парақшасын аранайы жеке QR-кодтармен маркаланады. Сол кодтардың көмегімен ол құжат кіммен және қайда берілгенін анықтауға болады, - деп түсіндірді Дана Байкенова.
Қарағанды облысы медициналық қызметтердің цифрлануы бойынша елімізде бірінші орында тұр.