Үйден шықпастан қалай табыс табуға болады: қарағандылықтарды қашықтықтан жұмыс істеуге үйретеді

Үйден шықпастан қалай табыс табуға болады: қарағандылықтарды қашықтықтан жұмыс істеуге үйретеді

Қарағандылықтарды үйде қалай табыс табуға үйрететін болады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов халықпен есептік кездесуі барысында айтты.
Өңір басшысының айтуынша, фриланс немесе үйден жұмыс істеу бірінші кезекте, кеңселерде, дүкендерде немесе кәсіпорындарда жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ көп балалы аналар үшін өзекті.

- Көптеген елдерде қашықтан жұмыс істеу нарығы миллиардтаған долларды құрайды. Сондықтан бізге де бұл құралдар мен білімді көпбалалы аналар, мүмкіндігі шеутеулі жандар мен зейнеткерлерге беру керек, - деді Ерлан Қошанов.

Фрилансерлер мектебінде үйден шықпастан қалай жаәне не арқылы ақша тауып, осы секілді табыс көзін қалай заңдастыруға болатыны, сонымен қатар қандай үлгі бойынша салық төлеу керектігі үйретіледі. Бұл мектепке кез-келген ниет білдірушілер келіп, білім ала алады. Алайда тіркеу кезінде көбіне көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шеутеулі жандарға және зейнеткерлерге басымдылық беріледі. Фриланс мектебінде сабақтар тегін өткізіледі.

Бұған қоса жақын арада өңірде бизнес-инкубатор жұмыс істейтіні туралы мәлім болды. Онда көпбалалы аналарды бизнесті табысты жүргізу негіздеріне үйрететін болады. Көпбалалы аналарға өз ісін ашуға 200 грант қарастырылған. Оқудан соң өз істерін бастағандар мемлекет тарапынан субсидияларға үміткер бола алады. Бұл төлемдер қызметкерлер жалақысының бір бөлігін өтеуге жұмсалады.

Сондай-ақ өз істерін ашу үшін жастарға берілетін гранттар көлемін 10 есеге арттырдық.

Гранттардың мөлшері де 300 мың теңгеден бір миллионға дейін өсті. Мұндай гранттарды қалай алу және бизнесті қай салада жүргізуді үйренуге қатысты ақпаратты Аймақтық кәсіпкерлер палатасынан және жұмыспен қамту орындарынан алуға болады. Биылғы жылы Қарағандының вокзалдары мен ірі базарларында осындай нысандар ашылды. Бір ай аралығында оларға 1500 адам келген.