Қарағанды облысында 9 отбасылық денсаулық орталықтары ашылады

Қарағанды облысында 9 отбасылық денсаулық орталықтары ашылады

 Қарағанды облысында биылғы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 9 отбасылық денсаулық орталықтары ашылады. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлы-емxаналық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова мәлімдеді.

- Қарағандыда 80-90 мың адам тіркелген ірі емxаналар көп. Олардың жүктемесін сәл азайту үшін және медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, биылғы жылы екі емxана ашылған болатын. Ол №8 емxана және «Мирас» клиникасы. Бұл мекемелерге 30 мыңнан астам адам тіркелді.

МЖӘ бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғасуда. 2019 жылы тағы да қосымша 9 отбасылық денсаулық орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Олардың екеуі наурызда Майқұдықта ашылады. Төртеуі - Қарағандының тұрғындар ең көп шоғырланған және небары екі емxанасы бар ауданында, Оңтүстік-Шығыста орналасатын болады.
Сондай-ақ Теміртауда да емxана құрылысы басталады. Тағы бір орталық Жезқазған қаласында ашылмақ.