
Көрермендерді Теміртау қаласында 2018 жылы болған оқиғаларға арналған фотокөрменің ашылуына шақырады.
Суреттердің авторы –Теміртау қаласының «Вечерняя газета» фотокорреспонденті Сергей Кочмарев.
- Жыл бойы мен түрлі шараларда болдым, қалаға қатысты маңызды оқиғалардың куәгері болдым. Адамдар осының барлығын көрді, естіді, оқыды, алайда көбісін ұмытып та қалған болар. Көрме – өткен жылы қандай маңызды шаралар болғанының естелігі іспеттес.
«Қала өмірінің таңғаларлық тарихы» экспозициясында 80-ге жуық суреттер келтірілді.
Фотокөрменің ашылуы 1 наурыз, 16:00-де, Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.
Салтанатты ашылу шарасына кіру тегін болады.