Қарағанды облысының оқушыларын бюджетті жоспарлауға үйретуде

Қарағанды облысының оқушыларын бюджетті жоспарлауға үйретуде

23 ақпанда Қарағанды облысының мектептері мен колледждерінде «Қаржылық сауаттылық күні» өтті. Оның негізгі мақсаты – қатысушыларды қаржылық мәдениетке баулу болды. Шараны Қарағанды облысының Білім басқармасы және Қарағанды облысының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Оқушылар мен студенттерге бюджетті қалай дұрыс жоспарлау керектігі, өз ісін ашу, банктік операцияларды өткізу және кірістерді басқару туралы айтылды. Бұл мәселелер жайлы жасөспірімдермен сынып сағаттарында айтылды. Сабақтан тыс дәрістерде тақырыптық ойындар ойнатылды және ақпараттық стендтер дайындалды.
23 ақпанда оқу орындары бизнесмендер мен бакн қызметкерлерін шықырып, олар оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті және балалардың сұрақтарына жауап берді.
Мысалы, Ахмет Байтұрсынов атындағы № 41 мектеп-гимназияда «Нәтиже» компаниясының президенті Ерлан Әшімов болып қайтты. Ал «Дарын» ММИ-на «Халық банктің» маманы Данира Абдрахманова қонаққа барды. «Білім инновация» лицее-интернатына «BTS digital» компаниясының президенті Саясат Нұрбек шақыртылған екен.
- Қаржылық сауаттылық – ең негізгі икемдердің бірі. Бізге бұл машықтарды түрлі ойындар және дәрістер арқылы үйретеді. Бұған қоса, көптеген көрнекті адамдармен кезедесу сәті түсті. Олар бізге ақшаны қалай жұмсап, оның қалай көбейтуге болатыны туралы айтып берді, - дейді №41 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Нарықбай Нүркен.
«Қаржылық сауаттылық күні» акциясы өңіріміздің студенттер міне оқушылары үшін жыл сайын өткізіледі. Биылғы жылы ол төртінші рет ұйымдастырылуда.