Қарағандыда Ләззат Бәйішқызы атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша облыстық олимпиада өтті

Қарағандыда Ләззат Бәйішқызы атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша облыстық олимпиада өтті

Қарағандыда Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта Ләззат Бәйішқызы атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша облыстық олимпиада өтті.

Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Ол екі кезеңнен құралды. Бірінші кезеңде қатысушылар эссе жазып, екінші турда ауызша сайысқа түсті.
Жүлдегерлер Қарағанды облыстық Білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттар табыс етілді.
Үш оқушы Ләззат Бәйішқызы атындағы стипендияны иеленді.
Теміртау қаласынан келген оқушы Балнұр Омарова 15000 теңге көлемінде стипендия ұтты, ал Қуаныш Қайырбек және Әлия Қалиленова - әрқайсысы 10000 теңгеге ие болды.
Жеңімпаздарға стипендияларды Ләззат Бәйішқызының немересі Айдос Жұмаділов табыс етті. Оның бастамасымен Ләзаат Бәйішқызы атындағы қор құрылған болатын.
Жоеғары балл жинаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер жыл сайын өтетін К. Битібаева атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша республикалық олимпиадаға қатысады. Еліміз бойынша өтетін білім сайысы сәуір-мамыр айларында Өскемен қаласында өтеді.
Ләззат Бәйішқызы - әдіскер-мұғалім, Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері, «Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері» және «Оқу-ағарту ісінің үздігі» атақтарының иегері.