
«Астана Балеттің» Қарағандыда аншлаг жинады. К.С. Станиславский атындағы театрдың сахнасында елордалық ұжым үш күн бойы өнер көрсетті. Қарағандылықтар необалеттің әлемдік жауһарларын тамашалады.
Барлық билеттер гастроль басталмас бұрын бірнеше күн бұрын сатылып бітті. Көрермендердің қызығушылығын көрген елордалық әртістер жоспарланған екі күндік бағдарламаға қосымша бір күн қосып, өнер сүйер қауым үшін тағы бір кеш сыйлады.
«Астана Балет» театрының директоры Александр Совостьянов қарағандылық көрермендерге алғысын білдірді. Ұжым еліміз бойынша жиі гастрольдерге шығатынын және көрермендерге ең үздік әрі жаңа қойылымдарын ұсынатынын атап өтті.
- Біз Қарағандыда үш жыл бұрын болып қайтқанбыз. Тағы бір мәрте кездесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Қарағандынының көрермендері – өте зерек және өнерден хабары мол. Сондықтан осы бағдарламаны таңдадық. Ол бес бір актілі қойлымдар. Жәнеде оларды барлығы әлемдік жауһарлар, - деп атап өтті театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.
Жетекші солист Айжан Мұқатованың айтуынша, қарағандылық көрермендер алдында өнер көрсетерде ол шет елдегі қойлымдардан бетер қобалжыған екен. Оған себеп – балерина өзінің туған қаласында алғаш рет сахнаға шыққан.
Айжан – Қарағанды тумасы. Әртістің анасы Қорлан Мұқатова «Жарқын», «Қуаныш» және «Аққу» атты қаламыздағы танымал ансамбльдердің негізін қалаушылардың бірі.
- Мен қатты қобалжып тұрмын. Себебі бүгін мен туған-туыстарымның алдында өнер көрсеьемін. Менің барлық туыстарым келіп отыр, олардың кейбірі менің билегенмінді бұрын соңды көрген емес. Былай қарап отырсаңыз, әлемнің бірнеше елдерінде өнер көрсеттім – Нью-Йоркте де, Лондонда да, ал мұнда әдеттегіден тыс қобалжып тұрмын, - деп бөлісті Айжан Мұқатова. – Мені әрдайым анам қолдайтын. Менің өнерімді тамашалау үшін Санкт-Петербургке де келген. Ал үлкен ағам менің балери на болғанымды ешуақытта қолдамаған еді. Ал бүгін менің сахнада ол алғаш рет тамашалайды.
Айжан Мұқатова А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін тәмамдаған. Сонымен қатар «Болашақ» Қарағанды университетінде «Мәдениеттану» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген. 2007 жылы Ла Скала театрына (Милан, Италия) тағылымдамадан өтуге барған. К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балет солисі болған. Сонан соң Санкт-Петербургте, Борис Эйфманның Академиялық театрында жұмыс істеген. 2017-ші жылдан бастап «Астана балет» театрының труппасына қабылданған. Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты (Астана, 2006 ж.).
Өзінің туған қаласында гастрольде қарағандылық биші екі спектакльде би биледі: Уильям Форсайттың In the Middle, Somewhat Elevated («Ортасында, сәл жоғарырақ»); Николо Фонтенің Love's Lost Idols («Жоғалған махаббат кумирлері»).
Қарағандылықтар сонымен қатар бразилиялық хореограф Рикардо Амарантенің қойылымдарын тамашалады. Шет елдік маман үшінші жыл қатарынан «Астана балетте» қызмет етіп келеді. «Love. Fear. Loss» («Махаббат. Жоғалту. Үрей») атты сезімге толы балетті қоюғағ автордың сөзіншеғ Эдит Пиафтың қиындыққа толы тағдыры себеп болған.
Тағы бір балет Рикардо Амарантенің «A FuegoLento» от жалынының биін еске салады. Бұл туынды Лало Шифриннің, Астор Пьяццоланың, Карлос Гардельдің және Саё Косугидің музыкасына қойылған.
Гастрольдік бағдарламадағы тағы бір спектакль: Джордж Баланчиннің Петр Чайковскийдің музыкасына жазылған «Серенадасы» «20-шы ғасырдағы балеттің алтын қорына» енгізілді.
«Астана Балет» 2012 жылы Елбасының бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда театрдың репертуарында 18 спектаклдер мен екі концерттік бағдарлама бар: «Astana Ballet Gala» және «Ұлы дала мирасы».