
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Көмір департаментінің В.И. Ленин атындағы шахтасында 50 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келген көтергіш машинаның бөлшектері ауыстырылды. Құрылғыны жаңарту үшін 1 200 000 доллардан астам инвестиция бөлінді.
Аталмыш жабдық орналасқан көмір дөңі - бүкіл көлік тізбектің маңызды буыны болып табылады және шахта жұмысында шешуші рөл атқарады. Ең ауыр бөлігі – салмағы 30 тоннадан артық түбірлік білік. Бөлшектер Украинадағы машина құрастру зауытынан тапсырыс беріліп, жеткізілген.
- «Углесервис» ӨБ мамандарының басшылығымен вертикальді көтеру учаскесінің және шахтаның басқа да бөлімдерінің қызметкерлері 25 тәулік ішінде машинаны толығымен ауыстырып шықты. Такелаждық және ауыр жұмыстар көп болды, себебі бір ғана барабанның диаметрі төрт метрді құрайды, - деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасының вертикальді көтеру учаскесінің механигі Владимир Федотовский.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша