Қала шыңдарын бағындыра отырып: Шахтинск Оқушылар сарайына скалодром сыйға тартылды

Қала шыңдарын бағындыра отырып: Шахтинск Оқушылар сарайына скалодром сыйға тартылды

Шахтинск қаласының оқушылар сарайында көп функционалды скалодром пайда болды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында туристік-өлкетану жұмысымен айналысатын балалар осындай сыйлыққа ие болды.

Туристік-өлкетану қызметі – Оқушылар сарайы жұмысының басым бағыттарының бірі. 10 жыл бойы мұнда «Жас тау құтқарушысы» және «Із кесуші» клубтары жұмыс істеп келеді. Оларды туристік көпсайыс бойынша спорт шеберіне кандидат, ҚР туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушы Александр Шилов басқарады.

Биыл «Із кесуші – құтқарушы» клубы ашылды. Оны Оқушылар сарайының бұрынғы тәрбиеленушісі Бекзат Кәрімов басқарды.

– Жаңа скалодромның арқасында балалар өз білімдері мен дағдыларын шыңдауға және жарыстарға дайындалуға мүмкіндік алды. Олар жақсы нәтижелер көрсетеді деп  үміттенеміз. Скаладром көпсалалы, оның көмегімен арқандар әртүрлі тәсілдерді шыңдауға болады.  Сонымен қатар қауіпсіздікті сақтау функциясы да бар. Енді біз өз клубтарымызға тағы да көп балаларды қабылдай аламыз, – деді Александр Шилов.

Қазір секцияларға 8–18 жас аралығындағы 79 оқушы қатысады. Олардың көпшілігі Қарағанды облысының құрамасына кіреді және туристік көпсайыстан Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарының бірнеше дүркін жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылады.