
Қарағанды облысында Еуразиялық топқа кіретін «Шұбаркөл Көмір» АҚ жұмыскерлері тұрғын үй мәселесін арнайы бағдарламаның арқасында шеше алды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 27 отбасы қоныс тойын тойлады. Жаңа құрылыстағы пәтерлерді жас қызметкерлер, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар алды.
ERG мен Қарағанды облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы келісім аясында облыс орталығында «Шапағат» ТК төрт блок-секциялары салынды. Пәтерлердің бір бөлігі компания қызметкерлеріне арналған. Сондай-ақ, тұрғын үйді әлеуметтік қорғалатын санаттағы кезекте тұрғандар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері алады.
«Отбасы банк» ERG қызметкерлері үшін кейіннен сатып алу құқығымен, бастапқы жарнасыз, төмен пайыздық мөлшерлемемен арнайы несиелеу бағдарламасын әзірледі.
– Жақында жұбайым екеуміз үйлену тойымыздың бірінші жылдығын атап өттік. Міне, осындай керемет сыйлық. Жаңа үйден үлкен екі бөлмелі пәтер алдық. Бұрын ипотека алуға тырыстық, бірақ барлық жерде бастапқы төлем қажет. Жас отбасына жинақтау оңай емес екенін өзіңіз де түсінесіз. Ал мұнда қол жетімді жағдайлар бар, пайыз өте аз, – деп бөлісті инженер Нұрхат Нұртаза.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша