Химия пәнінен Бектұров атындағы Халықаралық олимпиадада қарағандылық оқушылар жүлделі орындарға ие болды

Химия пәнінен Бектұров атындағы Халықаралық олимпиадада қарағандылық оқушылар жүлделі орындарға ие болды

Павлодарда химия пәнінен Ә. Бектұров атындағы V Халықаралық олипиада өтті. Қарағандылық оқушылар онда бірінші және екінші орындарды иеленді.

Барлығы олипиадаға Қазақстанның 12 аймағынан және Алматы, Астана, Новосібір қалаларынан келген 19 команда құрамында 87 оқушы қатысты.

Екі турдың қорытындысы бойынша қарағандылық Олжас Нүрпейсов І орынды жеңіп алды. Олжас №1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында оқиды. Осы білім ордасының тағы екі оқушысы Ерслан Абабаев пен Балабек Алдаберген ІІ орынға ие болды. Сондай-ақ біздің оқушылар «Ерекше шешім» номинациясында ерекше көзге түсті.

Ә.Бектұров атындағы олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. І орынға ие болған оқушыларға 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды.