
2019 жылдың 1-ші шілдесінен бастап:
- бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 процентке арттыру;
- облыстық және аудандық деңгейлерде тікелей тұрғындармен жұмыс жасайтын атқарушы мемеке қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25 пайызға артыруды тапсырамын.
Бұл мақсаттарға 2019-2021 жылдарға қосымша 980 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады.
Тұрмысы төмен отбасыларға, әсіресе көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 70 пайызға дейін (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін, КД – 29698 теңге) арттыруды тапсырамын.
Мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналарға, қамқоршылар мен отбасыларға (тұлғаларға) берілетін жәрдемақыны 30 пайызға өсіруді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар қатарынан тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырамын.
Кірістері төмен көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға жылына 2-3 пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй жинақтары арқылы баспана сатып алу үшін жеңілдетілген механизмдерді дайындауды.
Елдің барлық тұрғындарын сапалы ауыз сумен және газмен қамтуды.
"Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасын іске асыру бойынша ұсыныстарды жасауды және ол үшін 2019-2021 жылдары 90 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлуді.
"Нұр Отанға" Президент Әкімшілігімен бірлесе Мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың іске асырылуын тиімді бағалау және оларға мониторинг жүргізу орталығын құруды.
Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 миллиард теңге бөлуді. Оның нәтижесінде 7 аймақта жылына 100 мың науқасты қамтитындай стационарлық медициналық көмекке қолжетімділікті және медицина сапасын арттыруды.
zakon.kz