
Нұр-Сұлтанда 5–8 сынып оқушыларына арналған ProEco экологиялық жобалар байқауының республикалық кезеңі өтті. Н. Нұрмақов атындағы Қарағанды мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Жасұлан Асқарбеков «Туған өлке табиғаты» тарауында бірінші орын алды.
Байқау төрт бағытта өтті: «Туған өлкенің табиғаты», «Мені қоршаған әлем – таңғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама» және «Таза қала сізден басталады».

Қорытынды турға Қазақстаннан 95 оқушы қатысты.

– Мен өзіме экологиялық ағарту базасымен – хайуанаттар бағымен танысу міндетін қойдым. 3D панорамасын дайындап, оны көрермендерге ұсындым. Жоба бойынша біз өткен жылдың желтоқсанынан бастап жұмыс істедік. Менің жетекшім – Н. Нұрмақов атындағы ММИ информатика пәнінің мұғалімі Жұлдыз Ибраева, – деді Жасұлан Аскарбеков.
Конкурсты ұйымдастырушы – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.