Қарағандылық жеңіл атлет Минскте өткен дүбірлі додада күміс медаль жеңіп алды

Қарағандылық жеңіл атлет Минскте өткен дүбірлі додада күміс медаль жеңіп алды

Қарағандылық жеңіл атлет Данила Корр жасөспірімдер арасында U-20 халықаралық матчтық кездесуде сәтті өнер көрсетті. Спортшы 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру қашықтығында күміс медальді қанжығасына салды.
Байрақты бәсеке 25-26 ақпан Минскте өтті. Оған 10 елдеің спортшылары қатысты.
Қазақстандық жас спортшылар үшін бұл халықаралық U-20 матчтық кездесуі олардың спорттық өміріндегі алғашқы жарыс болды. Нәтижесінде қарағандылық жеңіл атлет Данила Корр мен алматылық Кристина Овчинникова биіктікке секіру бойынша күміс медаль жеңіп алды.
60 метр қашықтықты Данила Корр 8.05 уақытта жүгіріп өтті.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша.